Химик-аналитик мамандығы
Химияның бірнеше түрі туралы мына мақалада жазған болатынмын. Соның ішінде жұмыс табу жағынан ең танымал xимияның түрі – аналитикалық xимия. Аналитикалық xимия бойынша жұмыс жасайтын маман xимик-аналитик деп аталады. Осы мамандыққа қатысты қойылатын ең жиі сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Химик-аналитик нақты немен айналысады?
Химик-аналитиктер анализ жасаумен айналысады. Әдетте, заттың сапасын тексереді. Мысалы, сүт өндіруші зауыт сүтті дүкенге жеткізбес бұрын міндетті түрде сүттің сапасын тексеруі қажет. Яғни, сүттің құрамы таза ма, құрамында басқа зиянды заттар жоқ па, микробтар жоқ па деген сұрақтарға жауап береді; сонымен қатар сүттің майлылығы, лактоза мөлшері, көмірсу мен белоктар мөлшері тексеріледі. Осы тексерулер қалай жүргізіледі? Аналитикалық xимияны оқыған студенттерге анализ жасаудың титриметрия, xроматография, спектрометрия сияқты бірнеше аналитикалық әдістер үйретіледі, және осы әдістер жұмыс жасау кезінде қолданылады.
Университетте үйретілетін әдістерді бірі – электрохимиялық әдіспен қияр құрамындағы нитраттар шамасын анықтау.
Ал, күнделікті өмірде нитратты анықтаудың маңызы мына мақалада келтірілген. Осындай сараптамаларды химик-аналитиктер орындайды.
Химик-аналитиктер тек қана азық-түлік анализдеп қоймай, сонымен қатар мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмектер, тау-кен материалары, тағы басқа заттарға да химиялық тексерулер жүргізеді.
Химик-аналитиктер қайда жұмыс жасай алады?
- Мемлекеттек мекемелер, сараптама орталықтары
- Ғылыми-Зерттеу институттары
- Ауруханалардағы анализ жасау лабораториялары
- Жоғарғы оқу орындары, колледждер, лицейлер, мектептер
- Қоршаған ортаны қорғау мекемелері
- Кеңес берумен (консультация) айналысатын компаниялар
- Ақылы химиялық анализдер орындайтын орталықтар
- Өнім шығаратын (азық-түлік , тау-кен, мұнай өнімдері, дәрі-дәрмек, сусындар, комектика, т.б.) зауыттар
Kazdata.kz cайтынан химиялық өндіріс, фармацевтикалық, мұнай өндіру компаниялары туралы информация табуға болады.
Химик-аналитик мамандығына Қазақстанда қайда оқуға болады?
Қазақстанда нақты химик-аналитик мамандығы оқытылмайды, бірақ аналитикалық химия сабағы оқытылады. Яғни, университте аналитикалық химияны оқыған студент химик-аналитик жұмысын орындай алады. Дегенмен, 5B060600-Химия мамандығы аналитикалық химияны тереңдетіп оқытады. Төменгі суретте Қазақ Ұлттық Университетінде оқытылатын бағдарлама сипаттамасы көрсетілген.
Яғни, мамандық таңдау кезінде университет сайтына кіріп, сол мамандықтың сипаттамасымен танысу керек. Қазақстанда химияға қатысты мамандықтарды оқытатын бірнеше университеттер бар, және сонда аналитикалық химияны үйреніп, химик-аналитик жұмысын жасауға болады.
Химик-аналитик қанша айлық алады?
Айлық шамасы бірнеше факторларға байланысты: жұмыс қай қалада орналасқан, жұмыс түрі қандай, жеке компания ма әлде мемлекеттік мекеме ме, жұмыс іздеушінің тәжірибесі бар ма әлді жоқ па, қазақстандық компания ма әлде шетелдік компания ма, т.б. Нақты мысал ретінде Алматыда орналасқан азық-түлік шығаратын зауыттардағы химик-аналитиктердің айлығы 100 000 тг-ден басталады. Бірнеше жылдан соң тәжірибе жинап, айлықты 1.5-3 есе арттыруға болады.
Қазақстанда xимик-аналитикке жұмыс табылады ма?
Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда химия өндірісі жоғары деңгейде дамымаған, дегенмен білікті химик-аналитик мамандарының жетіспеушілігі де байқалады. Яғни, жұмыс берушілер жұмысқа алу кезінде білімі, мотивациясы, біліктілігі жоғары мамандарды қуана жұмысқа қабылдайды. Басқа мамандықтармен салыстырғанда химик-аналитик мамандығына бәсекелестік төмен, яғни бұл жұмыс табу мүмкіндігін арттырады. Сол себепті, Қазақстанда химик-аналитикке жұмыс табылады.
Жақсы xимик-аналитик болу үшін не білу керек?
Химик-аналитик жұмысын атқару кезінде аналитикалық химияны ғана білу жеткілікті емес, сонымен қатар фундаменталды математикалық және физикалық білім де керек. Төменде жұмыс берушілер үшін маңызды деп есептелетін қабілеттер көрсетілген:
- логикалық, критикалық ойлау қабілеті
- мотивация мен құштарлық
- берілген тапсырмаларды уақытылы дұрыс орындау
- аналитикалық әдістерді жетік білу
- жаңа әдістерді олап табу
- компьютермен жақсы жұмыс жасау
- есептеулер жүргізу, есеп бере білу
- командамен жұмыс жасай білу
- жауапкершілік, адамдармен жақсы тіл табысу
Химик-аналитик жұмысы қызық па?
Әрине қызық. Химик-аналитиктер өз білімі мен қабілеттерін бірнеше компанияларда қолданала алады, жұмыс орнын өзгерту де қиын болмайды. Квалификациясын шексіз жетілдіре алады. Химияны ұнатып, өзін жақсы маман ретінде қалыптыстырған адамды көптеген компаниялар қуана қарсы алады. Тіпті шет елден де жұмыс табуға болады.
Химик-аналитик мамандығы химияны оқығандар үшін тек жалғыз таңдау мүмкіндігі емес. Жалпы химиялық мамандықтар туралы осы мақаладан таба аласыз