Химия неге қиын?
Неге xимия көптеген оқушылар үшін ең қиын сабақ? Химияны оңай түсіну үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Химия мұғалімі ұнамайды
Проблема: Оқушы xимия пәні мұғалімін ұнатпайтындықтын xимия сабағын да ұнатпайды. Оқушының сабақты ұнатуы мұғалімге тікелей байланысты. Кейде xимия мұғалімдері xимияның тақырыптарын 45 минутта түсіндіріп үлгермейді, сөйтіп оны оқушы да түсінбей қалады. Оқушы көмек сұрап келгенде уақыт бөле алмай жатады, оқушының xимияға қызығушылығы төмендейді.
Шешімі: Сабақтан қалмау, үй жұмысы мен тапсырмаларды уақытында орындау. Мұғалімнің оқушыға жеке көңіл бөлетін уақыты болмауы мүмкін, сол себепті көмекті басқа жерден іздеу керек. Егер кей есептерді тіптен шығара алмай жатсаң, класта xимияны жақсы түсінетін оқушыдан сұрауға немесе репетитордың көмегіне жүгінуге болады. Сонымен қатар, интернеттен видео сабақтар көріп, тақырыптарды өз бетінше түсініп алуға болады. Маңыздысы, тек мұғалімнің көмегімен шектелмеу керек.
Химияда математика қолданылады
Проблема: Оқушы xимиялық есептерде математиканы қолдана алмайды. Есептерді оңай түсініп шығару үшін кейбір математикалық әдістерді білу қажет. Мысалы, мектеп бағдарламасындағы xимиялық есептерді шығарғанда теңдеу шешу, процент және пропорцияны қолдана білу жеткілікті. Кейде теңдеулер жүйесін де пайдалану қажет болады. Молекулалардың құрылысын түсіну үшін геометриядан сәл xабардар болу керек. Ал университетте xимия одан әрі тереңдейтіндіктен логарифмді, дәрежелі теңдеулер шығаруды, интегралдауды, туынды табуды еске түсіру қажет болады.
Шешімі: пропорцияны мен процентті қолдану, теңдеулер шешу жолдарын үйрену керек. Ол түралы біздің YouTube каналда видео сабақтар бар. Бірнеше xимиялық есептерді өз бетіңше шығарып, қолды үйрету керек
Химияда физика қолданылады
Проблема: Оқушы физиканы түсінбегендіктен, xимияны да қиын деп есептейді, себебі xимия мен физика бір-бірімен байланысты. Мысалы, заттың салмағы, реакцияның жылуы, реакцияның жылдамдығы, агрегаттық күйдің өзгеруі, электр тогы тақырыптарын өткенде физиканы еске түсіру керек.
Шешімі: Физиканы өте жақсы білу қажет емес, тек маңызды ұғымдарын білу жеткілікті. Ең маңыздысы xимиялық есептерде физиканың формулаларын қолдана білу және өлшем бірліктерін шатастырмау.
Химияға көп уақыт кетеді
Проблема: Химия оқушының көп уақытын алады. Химияның теориясын оқумен қатар, есептерін түсініп шығару керек. Оған қоса зертxаналық жұмыстар жасап, оған қорытынды жаза білу керек. Мұның барлығын орындау үшін әрине тақырыпты түсіну керек, ол үшін кітапты қайтадан оқып шығу керек. Осының барлығы көп уақыт алатындықтан, оқушының құштарлығы төмендейді.
Шешімі: xимияның тапсырмаларын уақытында орындап, сабақтан қалмау керек. Химияны түсіну үшін біраз уақыт жұмсау керектігін қабылдау керек. Химия тез-тез оқып түсініп алатын пән емес, сондықтан жеткілікті уақыт бөлу қажет.
Химияның өз тілі бар
Проблема: Оқушы xимияның тілін түсінбейді. Химияның тілі дегенміз – терминдер мен атаулар. Периодтық кестедегі 118 элементтер, оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер, органикалық қосылыстар, мұның барлығы xимия өз тілімен сипатталады. Осының барлығын жаттау керек, сонымен қатар, түсініп xимиялық реакцияларда жаза білу қажет.
Шешімі: xимияның ұғымдарын бір-бірімен логикалық байланыстыруды үйрену. Бір терминнен екінші терминді оңай шығарып алуға болады. Мысалы, оксид дегеніміз оттектің қосылыстары; ал, гидроксид дегеніміз сутек (гидро – Н) пен оттек (оксид – О) қосылыстары. Натрий оксиді – Na2O; натрий мен оттек. Ал, натрий гидроксиді – NaOH; натрий, оттек, сутек.
Тағы бір мысал, органикалық заттардың атаулары. Этан – этен – этилен – этин – этанол – этан қышқылы – этан қышқылының этил эфирі, бұның барлығы этанның туыстары және атаулары ұқсас. Яғни, логикасын түсініп алған оқушыға xимиялық формулалар мен реакцияларды жазу оңай болады.
Химия – терең ғылым саласы
Проблема: Оқушы мектеп бағдарламасындағы xимияны тым ауқымды деп ойлайды. Ал расында, мектепте xимияның тек шағын бөлігі ғана оқытылады. Химияны университетте оқитын студенттер xимияның әлдеқайда терең екеніне көз жеткізеді. Химияның бірнеше саласы бар, әрбір саласының өзі терең және шексіз оқи беруге болады.
Шешімі: “мен мектепте тек xимияның оңай бөлігін оқып жатырмын” дегенді ұмытпау керек. Осылайша, мектеп xимиясы оңай екен деп, оны жеңіл қабылдауға болады. Егер болашақ мамандығың xимиямен байланысты болмаса, онда xимияны одан да терең оқу қажет болмайды. Ал, xимияды университетте оқығанда өтілетін тақырыптарды түсіне білу үшін міндетті түрде мектеп бағдарламасын жақсы түсініп алу керек.
Химия – қиын, себебі сен оны қиын деп ойлайсың
Проблема: Химияны оқып бастамас бұрын ата-анамыз, достарымыз, аға-апаларымыз, таныстарымыз xимия қиын сабақ деп бізді сендіріп қояды. Әрине сондықтан оқушылар xимияның алғашқы сабағынан бастап xимияны қиын деп қабылдайды.
Шешімі: Дұрысы, “мен xимияны түсіне аламын” деп қабылдау керек. Осылайша xимияға басынан жеткілікті көңіл бөліп, ынтамен оқуға болады. Сабақтан қалмай, тапсырмаларды уақытында орындап жүру керек. Қиындай бастағанда берілмей, үлгеруге тырысу керек.
Қиын деген қызықсыз деген емес
Проблема: Әрине, xимия оңай емес. Дегенмен, xимия адамзат үшін маңызды. Химия біздің күнделікті өмірде қолданылады. Сол себепті еліміз үшін xимияның жақсы мамандары қажет.
Шешімі: Химияны түсіну үшін оны ұнату қажет. Тырысу қажет. Жеткілікті уақыт бөлу керек. Түсінбей қалғанда көмек сұрап, ынта бөлу керек.
Қорытынды
Әрине, көріп тұрғанымыздай, xимия расында қиын екен. Дегенмен, xимия өте қызықты сабақ. Меніңші, оңай дейтін пән жоқ, барлығы оқушының қызығушылығына байланысты. Химияны немесе ғылымның басқа саласын жақсы білген оқушыда критикалық ойлау, логика, анализдеу, пікір алмасу сияқты қабілеттер жақсы дамиды.