Қазақша периодтық кесте
ҰБТ-да ең күшті шпаргалка – ол ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ. Кестені дұрыс пайдалана білген оқушы көптеген сұрақтардың жауабын сол кестеден таба алады. Сондықтан, осы кесте барлық оқушы үшін пайдалы болады. Бұл кестеде не бар?
- Түгел 118 элемент (қазақша атауларымен)
- метал/бейметал/жартылай метал/сирек жер металдар белгіленген
- маңызды топтардың атаулары
- жай заттардың агрегаттық күйлері көрсетілген (қ.ж.)
- электртерістігі көрсетілген
- электродық конфигурация көрсетілген
- тотығу дәрежелері/валенттілік көрсетілген
- керекті формулалар мен константалар бар
- металдар активтілігі (Бекетов) қатары бар
- заманауи дизайн
- дүниежүзілік кесте (біз үйреніп қалған ескі кестеден басқаша)
- екі атомды жай заттар қатары бар
Төменде ескі үлгіге сәйкес кестені де жасап қойдым.